A+ A A-

talgatzhan 28 Бүгін, 14:40 0

ШҚО-да қар жауып, боран соғады

Бүгін / ШҚО

Елдегі ауа райы Атлантика аудандарынан келген циклонның әсерінен қалыптасады. Алдағы демалыс күндері облыста қалың қар жауады деп күтілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Түнгі уақытта -10-18 градус аяз болады.

- 24-26 қаңтар аралығында облыс аумағында қалың қар жауады деп күтіледі. Кей жерлерде жел күшеюі мүмкін. Күндіз ауа температурасы -6–10 градусқа дейін төмендейді, - делінген «Қазгидромет» РМК ақпаратында. 

Өскеменде де қалың қар жауады. Күндіз сынап бағанасы -7-9, түнде -12-15 градусқа дейін төмендейді. 

Балауса ОРАЗАЛЫҚЫЗЫ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив