24 қаңтар сағат 17:00-де Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының үлкен залында «Дала сарыны» атты концерт ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Кеш барысында Тарбағатай ауданының «Барқытбел» этно-ансамблі мен Түркі әлемінің музыкалық бренді, түркі халықтары мәдениетінің амбассадорлары — әйгілі «TURAN» ансамблінің мүшелері Мақсат Медеубек, Бауыржан Бекмұханбет, Жанту Дадабаев өнер көрсетеді.
Осылайша, көшпенділер өркениетінің үні, ұлттық аспаптардың сырлы сазы, дала рухын сезіндіретін әуендер бір сахнада тоғысады.
Билеттерді филамормония кассасы, Ticketon сайты арқылы сатып алуға немесе 8 705 101 31 25 нөмірі арқылы алдын ала тапсырыс беруге болады.
Бағасы — 3000 теңге.
Пікірлер