A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 16:05 0

Ақтөбелік сарбаз С.Аманжолов атындағы ШҚУ грантын жеңіп алды

Бүгін / ШҚО

2023 жылы Астанада мерзімді әскери қызметін өткерген ақтөбелік Ануар Аринов   «Срочник 2.0» мемлекеттік бағдарламасының арқасында  С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың грантын ұтып алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Әскери борышын өтеу кезінде ұсынылған бағдарлама жас сарбазға азаматтық өмірде жаңа мүмкіндік сыйлады. 
Бір жылдан кейін Ануар университет жанынан ашылған Қабанбай батыр атындағы әскери кафедраға әскери қызметін өткендіктен конкурссыз-ақ қабылданды. Қазір ол жоғары оқу орнында білім алып қана қоймай, әскери кафедрада да оқып жүр.
- Бастапқыда мұндай мүмкіндік болатынына сенбедім. Қазір университетте және әскери кафедрада білім алып жүрмін. Болашақта лейтенант шенін алып шығамын, – деді Ануар.
Айта кетерлігі, ол әскери отбасында дүниеге келген. Әкесі ұзақ жылдар бойы шекара қызметінде еңбек етіп келеді. Сондықтан Отанға қызмет ету –Ануар үшін жай міндет емес, өмірлік ұстаным.
Әскери кафедра мұғалімі, запастағы подполковник Айбын Абдулиннің айтуынша, Ануардың әскери тәжірибесі бірден байқалды. 
- Әскерде болғаны анық көрініп тұр: тәртібі жақсы, жауапкершілігі жоғары, қатарластарына үнемі көмектесіп жүреді, – дейді ол.
Бұл – әскери қызметтің тек борыш қана емес, болашаққа жол ашатын нақты мүмкіндік екенін көрсетеді. 
«Срочник 2.0» бағдарламасы арқылы жас сарбаздар білім алып, елге қызмет етудің жаңа деңгейіне көтерілуде.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив