A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 10:45 0

ШҚО-ға ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі келді

Бүгін / ШҚО

ҚР Төтенше жағдайлар министрінің тапсырмасы бойынша ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі, генерал-майор Кеген Тұрсынбаев Шығыс Қазақстан облысының су тасқыны қаупі бар учаскелерін тексерді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Вице-министр гидрологиялық жағдайды және биік таулы мореналық көлдердің, сел учаскелерінің жай-күйін анықтау үшін су айдындарына аэровизуалды мониторинг жүргізді. 

Сондай-ақ Алтай, Үлкен Нарын,  Катонқарағай  және Шемонаиха аудандарының су тасқыны қаупі бар учаскеделеріне барып, су тасқынының алдын алу бойынша орындалған инженерлік жұмыстармен танысты.

ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов күштер мен құралдардың дайындығы туралы баяндады, ал аудан әкімдіктері су басудың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді.

Өңірде қорғаныс бөгеттері жөнделіп, су бұру арналары тазартылып, көпірлер салынды. 

«ШҚО әкімінің Ахуалдық орталығы» ақпараттық жүйесінде су тасқыны жағдайын мониторингтеудің бірыңғай кешені жұмыс істейді. Ақпараттық жүйеге гидрологиялық мониторинг үшін ГАЖ-модулі және болжау құралдары енгізілген. Жүйе 49 гидропост бойынша 7 күндік болжам жасап, тәуекелдерді ерте анықтауға және шара қабылдауға мүмкіндік береді. 

- Су тасқынына қарсы шаралар барлық қызметтің уақтылы және үйлесімді жұмысын талап етеді. Басты міндет – халық пен инфрақұрылым үшін тәуекелдерді барынша азайту. Барлық қажетті инженерлік құрылыстың ықтимал су тасқынына, ал шұғыл қызметтердің жедел ден қоюға дайын болуы маңызды, - деді вице-министр Кеген Тұрсынбаев.

Сапар соңында Кеген Тұрсынбаев төтенше жағдайларға жедел ден қоюды жақсарту жөнінде бірқатар тапсырма беріп, облыстағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесін одан әрі нығайту жөнінде міндеттер қойды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив