«Қазгидромет» облыстық филиалының ақпаратынша, бүгін өңір аумағында қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыстың батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз аймақтың солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15-18 м/с дейін жетеді.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері азаматтардан алыс жолға шықпауды сұрайды.
- Ауа райы мен тасжолдардың жағдайы туралы ақпаратты «Дәрмен» тегін ұялы қосымшасын жүктеу арқылы алуға болады. Жүргізушілерді дауылды ескертуді назарға алуды, жолда жылдамдық мен қашықты сақтауға шақырамыз. Жаяу жүргіншілер жарақат алу мүмкіндігін азайту үшін шаралар қабылдауы керек, - делінген ШҚО ТЖД ақпаратында.
Төтенше жағдайда «112» нөмірне хабарлаңыздар.
Пікірлер