A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 11:50 0

Өскеменде дөңгелек үстел өтті

Бүгін / Өскемен

22 қаңтарда Қазақстан-Американдық еркін университетінде ақын, ғалым және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовті 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынуға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Дөңгелек үстел ҚАЕУ Президенті, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Шығыс Қазақстан облысы мен Өскемен қаласының Құрметті азаматы Ережеп Мамбетқазиевтың қолдауымен өтті. 

Жиында Олжас Сүлейменовтің жаһандық антиядролық қозғалыстағы тарихи рөлі, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың тоқтатылуына қосқан маңызды үлесі, бейбітшілік жолындағы гуманистік және қоғамдық қызметі, халықаралық деңгейде кеңінен мойындалған еңбегі талқыланды. 

Іс-шараны өткізу бастамасымен ҚАЕУ ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жөніндегі проректоры Юлия Гаврилова сөз сөйледі. Сондай-ақ дөңгелек үстелге университет ұжымы, қоғамдық және саяси құрылымдардың өкілдері қатысты. Атап айтканда, «Байтақ» жасылдар партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Алмаз Джакишев, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Рыспек Қасенов. 

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Олжас Сүлейменовтің қызметі бейбітшілік, гуманизм және жаһандық жауапкершілік идеалдарына адал қызмет етудің жарқын үлгісі екені, ал оның антиядролық күн тәртібін қалыптастыруға қосқан үлесінің халықаралық қауымдастық үшін маңызы зор екені айтылды. 

Естеріңізге сала кетейік, Олжас Сүлейменовті Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсыну бастамасы алғаш рет 2025 жылғы 27 желтоқсанда өткен «Байтақ» жасылдар партиясының IV съезінде жарияланды. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив