31 қаңтарда Шалқар көлінде (үшінші Сібе) қысқы маусымның ресми ашылуы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ұлан аудандық ішкі саясат бөлімінің мәліметінше, Сібе көлдерінде мәнерлеп сырғанаушылардың қатысуымен шоу өтеді.
Сонымен қатар келушілер үшін коньки жалға беріліп, тамақтану орындары ашылады. Киіз үйлер тігіліп, қоғамдық дәретханалар іске қосылады.
Осылайша, 31 қаңтардан бастап қыстың соңына дейін Шалқар көлінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып отырады.
Балауса ОРАЗАЛЫҚЫЗЫ
Пікірлер