A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 14:30 0

ШҚО-да жасанды интелектің көмегімен мың шақырымға жуық жол тексерілді

Бүгін / ШҚО

Жақында елдегі көлік жолдарының құжаттары енгізілетін бірыңғай e-Joldar базасы іске қосылады, - деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Ұлттық жол активтері сапасы орталығы облыстық филиалының мәліметінше, аталған жүйе деректерді жинау мен есепке алуды автоматтандыруға, жол саласын айқын әрі тиімді басқаруға мүмкіндік бермек. 

Өңірде жасанды интеллект негізіндегі Smart Road Diagnostic System жол жабындысын диагностикалау жүйесі белсенді түрде қолданылуда. Жүйе жолдағы ақауларды тіркеп, оларды цифрлық картада көрсетеді. Бұл жол жағдайын тиімді бағалауға және жөндеу жұмыстарын дәлірек жоспарлауға мүмкіндік береді

- Цифрландыру бізге тек дайын суретті көрсетіп қана қоймай, жолдардың нақты жағдайы туралы деректерді береді. Біз олқылықтар мен ақауларды, тозу дәрежесін және болып жатқан мәселелерді дер кезінде байқап, уақтылы шешім қабылдай аламыз. Бұл сапаны бақылау мен жөндеуді тиімді жоспарлау үшін таптырмас мүмкіндік, - деді Ұлттық жол активтері сапасы орталығы облыстық филиалының инженері Дархан Мұратбек.

e-Joldar платформасы KazToll, ЕРАП және Smart Road Diagnostic System секілді қолданыстағы цифрлық жүйелермен біріктіріледі. Бұл елдегі көлік жолдарының, соның ішінде ақылы учаскелерді басқару үшін орталықтандырылған деректер базасын құруға мүмкіндік береді.

- e-Joldar платформасын енгізу жол активтерін есепке алуда бірыңғай стандартты қамтамасыз етеді. Барлық дерек бір жүйеге жинақталады, деді Дархан Мұратбек. 

e-Joldar цифрлық платформасын іске қосу 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған.

 

Балауса ОРАЗАЛЫҚЫЗЫ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив