A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 15:30 0

ШҚО-да алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Бүгін / ШҚО

27-29 қаңтар күндері оңтүстік циклон шығысқа қарай жылжып, республиканың басым бөлігін қамтиды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Ел аумағында қар жауады, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде күтіледі. Кей жерлерде боран соғып, көктайғақ болып, жел күшейеді.

Солтүстік-батыс, солтүстік және орталық аймақтар антициклонның ықпалында болады. Бұл өңірлерде тынық, аязды, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Кезеңнің басында батыс және солтүстік облыстарда аязды ауа райы болады, түнгі ауа температурасы -20…-35°С шамасында болады. Кейін ауа температурасының жоғарылауы болжанады: батыс пен солтүстікте түнде -7…-20°С-қа дейін, күндіз -2…-12°С-қа дейін.

Ал орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасы төмендейді: түнде -3…-18°С, таулы аудандарда -15…-23°С, күндіз 0…-7°С, таулы жерлерде -8…-15°С болады. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив