A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 16:00 0

Семейде 66 жастағы ер адам полицияның 2 көлігін өртеп жіберді

Бүгін / Республика

Абай облысында бұрын сотталған 66 жастағы ер адам учаскелік полиция пункті жанындағы екі көлікті өртеп жіберген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Оқиға 25 қаңтарда сағат 18:10-да болған.

- Бұрын сотталған, 66 жастағы жергілікті тұрғын алкогольдік масаң күйде учаскелік полиция пунктінің маңында заңсыз әрекет жасап, полиция қызметкерлеріне тиесілі "Chevrolet Cobalt" және "Changan" маркалы екі автокөлікті өртеп жіберді, – деп хабарлады Абай облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив