25 қаңтарда Абай облысында ересектер, жастар және жасөспірімдер арасында панкратионнан ашық қала чемпионаты өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аймақ орталығында жалауын көтерген жарыс “Тарлан” спорт кешенінде ұйымдастырылды. Аталған біріншілікте Шығыс Қазақстаннан «Batyr kids» балалар-жасөспірімдер спорт клубы спортшылары бақ сынады. Жарысқа өңірден 18 бала қатысып, жоғары нәтиже көрсетті. Чемпионат қорытындысында клуб тәрбиеленушілері 10 медаль жеңіп алды.
Атап айтқанда:
Алижан Советханов (-46 кг), Нурислам Сайлаухан (-42 кг), Сұңқар Серікұлы (-47 кг), Алихан Омарбек (-59 кг) чемпион атанды. Асылжан Каримов (-50 кг) пен Алдияр Бармақбаев (-42 кг) күміс медаль иеленсе, Альтайр Зайкен (-42 кг), Ерзен Сақабанов (-59 кг), Ислам Кенжехан (-38 кг) және Жандаулет Қажетбек (-84 кг) қолаға қол созды.
Айта кетейік, жалпы командалық есепте «Batyr kids» клубы қоржынында 4 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль бар.
Пікірлер