29-30 қаңтар аралығында Б.Александров атындағы спорт сарайының мұз айдынында хоккейден спорттық фестиваль ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Іс-шараның басты мақсаты - жастарды салауатты өмір салтына баулу, спортқа қызығушылықтарын арттыру және жас ұрпақ арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру.
Оған 13-18 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатыса алады.
Фестивальдің жеңімпаздары мен қатысушыларна ақшалай сыйлықтар, грамоталар, медальдар мен естелік сыйлықтар табысталады.
Қатысу үшін 8 777 764 7997 нөміріне хабарласу қажет.
Пікірлер