"Қазгидромет" облыстық филиалының ақпаратынша, 27 қаңтарда түнде өңірде қар жауып, боран соғады деп күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде аймақтың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жететін жел ұйытқиды.
Жолдардың жай-күйі, дауылды ескертулер туралы ақпаратты «Дәрмен» ұялы қосымшасын жүктеу арқылы білуге болады.
Төтенше жағдайда «112» нөміріне хабарлаңыздар.
Пікірлер