A+ A A-

talgatzhan 30 Кеше, 17:20 0

Олжас Бектенов "Азия Авто" компаниясының мүлкі кімге берілетінін айтты

Бүгін / Өскемен

Премьер-министрдің айтуынша, "Азия Авто" акционерлік қоғамының барлық мүлкіне тыйым салынды, сот үкімі мен шешімдері орындалуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

ШҚО Әділет департаментінің мемлекеттік сот орындаушыларында 30 атқарушылық іс қарастырылуда.

– "Азия Авто Қазақстан" АҚ құрылысы аяқталмаған зауытына, жер учаскелеріне, ғимараттарға, құрылыстарға және тауар-материалдық құндылықтарға келсек, оларды мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға беру бойынша шаралар жүргізілуде, – деп жазады Премьер-министр. 

Бірақ бұл компанияның мүлкі мемлекет меншігінде қалады деген сөз емес. 

– Белгіленген талаптарға сәйкес "Азия Авто Қазақстан" АҚ зауыты құрылысы аяқталмаған нысан болып табылатындықтан мемлекеттік заңды тұлғалардың балансына берілмейді. Өз кезегінде, отандық және шетелдік компаниялардың бұл құрылысы аяқталмаған зауыттың алаңына өз жобаларын орналастыру мүмкіндігін қарастырып, инвестициялық қызығушылық танытатыны айтылады. Бұл аталған нысанды Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіптік дамуына тартуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты аталған өндірістік активтерді одан әрі пайдалану және инвестор тарту мәселесі сот орындаушылық ісі аяқталғаннан және мүлік мемлекетке берілгеннен кейін қарастырылады, – дейді Олжас Бектенов. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив