A+ A A-

talgatzhan 34 Кеше, 17:30 0

Өскеменде төпелеп жауған қарды қайда апарады?

Бүгін / Өскемен

Қала қыста нағыз қарлы шаһарға айналады. Төңірек бірыңғай ақ түске боялғанымен, жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілері үшін кедергі көбейеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қар әжептәуір қалыңдаса, әсіресе, ол қарайып, лас болса, көпшілік тез арада тазалауды талап етеді. Сол үшін қалада коммуналдық бригада күн сайын жұмыс істейді. Сонда техникаға тиеген қарды қайда алып кетеді? Көп адамның көкейіне келмейтін қызық сұрақ болуы мүмкін.
–  Анықталғандай, Өскеменде қарды жою мен кәдеге жарататын орын үшін арнайы жер учаскелері бөлінген: Самар тасжолы бойынша (№15/2 учаске маңы), Назарбаев даңғылы бойынша  (№341/1 учаскесі маңы) және Өскемен – Семей автомобиль жолы маңы. Ахмер ауылынан алыс емес, – деп хабарлады қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшының орынбасары Марат Тұңғышпаев.
2025 жылдың қараша айынан бүгінге дейін Өскемен көшелері мен жолдарынанан 60 мың текше метр қар шығарылған. Қыста қаладағы жолаушы мен жүргінші қауіпсіздігі үшін арнайы техникалар осылай мыңдаған рейс жасайды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив