A+ A A-

talgatzhan 12 Бүгін, 09:50 0

ШҚО-да 10 мың адам қайырымдылық акциясына қатысты

Бүгін / ШҚО

Өңірде волонтерлік қызметтің танымалдығы күннен-күнге артып келеді. Бұған дәлел 2025 жылы Ұлттық волонтерлік желі министрліктің тапсырысы бойынша жүргізілген «Волонтерлік салаға қоғамдық сенім деңгейін бағалау» атты зерттеу жұмысы, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Зерттеу нәтижесінде облыс тұрғындарының 95,3 пайызы волонтерлік қызметтің мәнін түсінетіндігі анықталды.

Өңірде қайырымдылық пен өзгеге қолдау көрсету дәстүрі айтарлықтай дамыған. Тіпті волонтерлікпен айналыспайтын адамдар да бұл бағытпен таныс екені белгілі.

Шығыс Қазақстан осындай көрсеткіштерімен Ақтөбе (99%), Қостанай (97,3%), Павлодар (96,3%) және Ақмола (96,3%) облыстарымен қатар волонтерлік туралы білім деңгейі жоғары өңірлердің алғашқы бестігіне енді.

19 қарашада аймақ тұрғындарының әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және жастарды волонтерлік қызметке тарту мақсатында «Мейірімді Шығыс» атты қайырымдылық акциясы басталды. Ол қоғам тарапынан кең қолдау тауып, республикалық деңгейге дейін жетті.

Нәтижесінде акцияға шамамен 10 мың адам қатысып, волонтерлік қозғалыстың қоғамдағы рөлі артқаны айқын көрінді. Бұл – өңірдегі жастар мен азаматтардың қайырымдылыққа, басқаға қолдау көрсетуге деген қызығушылығының айқын дәлелі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив