Облыс аумағында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын алу шарасы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның негізгі мақсаты — жол-көлік оқиғаларының алдын алу, апат деңгейін төмендету және жолдарда қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.
Полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін бірқатар жол ережелерінің бұзу дерегін анықтады.
Мәселен, 1718 жол жүрісі қағидаларын бұзу фактісі тіркеліп, 21 жүргізуші масаң күйде ұсталып, 44 көлік арнайы тұраққа қойылды. 8 жолаушыларды заңсыз тасымалдау, 7 қарсы бағытқа шығу, 113 жая жүргіншілерге жол бермеу дерегі анықталды. Сондай-ақ 307 жаяу жүргінші жауапқа тартылды.
Пікірлер