A+ A A-

talgatzhan 39 Бүгін, 10:30 0

Өскеменде 40 мыңнан астам тұрғын сусыз қалды

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығында электр энергиясының ажыратылуына байланысты су беру уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

“Пионерский” бастоғаны мен “Мызы” сорғы станциясы электр желісінен ажыратылған. Салдарынан сағат 09:00-ден бастап жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін су беру тоқтатылды.
Сусыз қалған аумақтар қатарында Әуезов, Жеңіс даңғылдары, Қайсенов, Крылов, Тоқтаров, Либкнехт, Лихарев, Горький, Бейбітшілік, Чехов, Қазақстан, Қабанбай батыр, Новаторов, Нұрмағамбетов, Толстой, Протозанов, Пермитин, Буров, Мызы, Славский атындағы жағалау көшелері, Красина және Шмелев лог кенттері бар.
Апат салдарынан 448 көпқабатты және 1177 жеке үй, 11 мектеп, 13 балабақша, ауруханалар сусыз қалды. 
Су тасымалдауға өтінімдер 53-16-61 және 8-705-206-79-16 нөмірлері арқылы қабылдануда. 
Қала әкімдігінің мәліметінше, сағат 09:55-те “Пионерский” бастоғаны қайта іске қосылды. Қазір су жиналып, жүйе біртіндеп қалыпты қысым параметрлеріне жеткізілуде.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив