Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында жазғы туристік маусымда жолаушыларға арналған пойыздардың кестесі қалай жасалатынын түсіндірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.
- 2025 жылы 175 жаңа вагон сатып алынды. Биыл 191 вагон алу жоспарлануда. Жалпы 2030 жылға дейін шамамен 800 вагон жаңартылады. Бұл вагон паркін 90 пайызға дейін жаңартуға мүмкіндік береді. 2026 жылдың жазғы маусымында халықтың сұранысына сәйкес 13 қосымша бағыт ұйымдастырылып, шамамен 400 мың қосымша орын ұсынылады. Алакөл бағытына ерекше көңіл бөлінді. Бұл бағытта 8 қосымша пойыз болады, - деді Көлік министрі.
Ведомствоның мәліметі бойынша қосымша вагондар Астанадан аптасына 2 пойыз, Алматыдан күнара 2 пойыз, Семей мен Өскеменнен күнара 1 пойыз жолдауға мүмкіндік береді.
- Сонымен қатар, Алматы – Достық, Қызылорда – Достық және Павлодар – Достық бағыттарына қосымша тіркелмелі вагондар шығады. Туристік дестинацияларда орналасқан 19 теміржол вокзалына жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді Нұрлан Сауранбаев.
Пікірлер