A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 15:25 0

Өскеменде ойын алаңдарын орнатуға 100 млн тенге бөлінеді

Бүгін / Өскемен

«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында биыл қала аумағында 27 нысан абаттандырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

«Халық қатысатын бюджет» – бұл қала тұрғындары ұсынған жобаларды қаржыландыратын бірегей бағдарлама. Дауыс беру нәтижесі бойынша ең көп қолдау жинаған жобалар жүзеге асырылуға жіберіледі.
Өткен жылы бұл жоба аясында 27 ұсыныс іріктеліп алынды, ал биыл қала әкімдігі олардың орындалуын қамтамасыз етеді. Аталған жобаларды іске асыруға 677,7 млн теңге бөлу жоспарланған.
Бөлінетін қаражаттың басым бөлігі аулаларды абаттандыруға бағытталмақ – 265 млн теңге. Жоспарланған жұмыстар Виноградов 12, 12/1, 16, Славский 20, 48, Крылов 68 және Сәтбаев 15 көшелеріндегі мекенжайларда жүргізіледі. 
Балалар алаңдарын орнатуға 100 млн теңге бөлінеді. Олар Өтепов 19, Абай 18/2, Есенберлин 6/1, Әл-Фараби 46, Сәтбаев 29/1 көшелерінде салынады. 
Көшелерді жарықтандыруға қосымша 132 млн теңге бағытталады. Жоспарға Металлург-2, Энергетик, Меновное-Ахмер (Тоғас көшесіне бұрылыс), Аврора және Бейбітшілік көшелеріндегі аумақтар енгізілген. Жалпы саны 400-ден астам жарықтандыру тірегін орнату жоспарланып отыр. 
Ал футбол алаңдарын салуға 60 млн теңге қарастырылған. Олар Әл-Фараби даңғылы, 40 және Қабанбай батыр көшесі 90-91 үйлердің арасында орналастырылады. 
Тротуарлар салуға 67,7 млн теңге бөлінеді. Жоспарланған жұмыстар  Маяковский, Буров, Сәтбаев көшелерінде, Ұлан ауданы және «Водопроводчик» бау-бақша ұжымы аумағында жүргізіледі. 
Бұдан бөлек, Халықтар достығы, Машиностроителей көшелерінде, Есенберлин және Сәтбаев даңғылдарында орналасқан балалар және спорт алаңдарын жөндеуге 53 млн теңге бағытталады.

Балауса ОРАЗАЛЫҚЫЗЫ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив