A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 16:05 0

ШҚО-да жылыту маусымы басталғалы 235 өрт тіркелді

Бүгін / ШҚО

Өңірде жылыту маусымы басталғалы бері пешпен жылынатын тұрғын үйлерді аралау бойынша шамамен 76 000 рейд өтіп, 3000-нан астам бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов жылыту маусымы басталғалы бері облыс аумағында 235 өрт тіркелгенін айтты. 
- Бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 23%-ға көп. Сонымен қатар пешті пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтамаудан шыққан өрт саны шамамен 60%-ға артты. Облыс бойынша әлеуметтік осал санаттағы азаматтар тұратын 2763 үй есепке алынды, - деді Нұржан Өміржанов.
«Өрт қауіпсіздігі айлығы» республикалық акциясы аясында жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және ШҚО ТЖД қызметкерлері әлеуметтік осал санаттағы азаматтар тұратын 21 үйде пештерді жөндеп, 27 үйде мұржаларды тазалады. Сондай-ақ Күршім ауданында көпбалалы отбасының үйінде жаңа жылыту пеші орнатылып, Глубокое ауданында тозығы жеткен тұрғын үйлердегі электр желілері жөнделді. 

Балауса ОРАЗАЛЫҚЫЗЫ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив