A+ A A-

talgatzhan 80 22-10-2024, 14:27 0

ШҚО-дағы лингвистикалық орталық пен Сот әкімшілігі департаменті меморандумға қол қойды

Бүгін / ШҚО

Өңірдегі мәдениет басқармасының Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы мен ШҚО бойынша Сот әкімшілігі департаменті өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Ынтымақтастықтың негізгі мақсаты - бірлескен жұмыс істеуді басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасында 2023-2029 жылдарға арналған тіл саясатын дамытудың тұжырымдамасын орындау. 
Меморандум ережелеріне сәйкес қос тарап ғылыми және білім беру, мемлекеттік тілді дамытуға байланысты іс-шараларды өткізуге, мемлекеттік және ағылшын тілдерін тегін оқыту курстарын ұйымдастыруға, уағдаласты. Одан бөлек, ақпараттық-танымдық әдебиеттермен алмасуға, қолданыстағы заңнамада тыйым салынбаған ынтымақтастықтың өзге де нысандарын қолдануға, өзекті және екі тарапты да қызықтыратын мемлекеттік тілді дамытуға қатысты тақырыптар бойынша бірлескен қонақ дәрістерін, семинарлар, байқаулар өткізуге келісті. 
Жауапты тұлғалардың айтуларынша, бұл келіссөздер мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлін нығайтып, маңызын арттыруда айрықша рөлге ие. 
Айта кетейік, меморандум оған екі тарап қол қойғаннан кейін күшіне енеді және бір жыл бойы қолданыста болады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
1 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив