КамАЗ маркалы жүк көлігінің жүргізушісі ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы («Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу») бойынша жауапқа тартылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, жол-көлік оқиғасы 2024 жылғы 20 маусымда Есенберлин даңғылында болған.
Сот мәліметінше, КамАЗ көлігін басқарған Ш. есімді азамат Жібек маталар комбинаты ауданынан Ахмерге қарай бағыт алған. Ол қосымша жолға бұрылу үшін сол жақ жолаққа шығып, маневр жасаған. Алайда қарсы бағытта келе жатқан М. есімді азамат жүргізген Geely Coolray көлігіне жол бермей, екі көлік соқтығысып қалды. Жол апатынан жеңіл көліктегі жолаушы көз жұмды.
Сот айыпталушының зейнеткерлік жасын, жәбірленуші тарапқа материалдық және моральдық шығынды ерікті түрде өтегенін жеңілдететін мән-жай ретінде ескерді. Нәтижесінде ер адам екі жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Пікірлер