A+ A A-

talgatzhan 12 Бүгін, 09:00 0

Тұман түсіп, жел екпіні күшейеді: 28 қаңтарға ауа райы болжамы

Бүгін / Республика

«Қазгидромет» РМК синоптиктері бүгін, 28 қаңтарда елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Атмосфералық фронттальды бөліктерден тұратын оңтүстік циклон Қазақстанның барлық аумағын қамтиды. 
Метеорологтардың мәліметінше, солтүстік және орталық аймақтарда қар жауып, боран соғады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыс өңірлерде қар жаууы күшейеді. Ал батыс аймақтарда ауа райы салыстырмалы түрде тұрақты болады.
Республика бойынша желдің екпіні мен тұманның күшеюі байқалады. Оңтүстік, оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде жолдарда көктайғақ жағдайы қалыптасуы мүмкін. Сонымен қатар түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығыс бөлігінде қатты аяз күтіледі.
Бұл жағдайлар жол қозғалысына және тұрғындардың күнделікті өміріне әсер етуі ықтимал. Сондықтан сақтық шараларын күшейту ұсынылады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив