«Қауіпсіз жол» республикалық жедел алдын алу шарасы аясында Шемонаиха ауданының полиция қызметкерлері заңсыз кәсіпкерлік фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Рейд кезінде Volkswagen маркалы көлігі тоқтатылды. Полицейлер жүргізушінің жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей, такси қызметін көрсетуге қажет рұқсат құжаттарсыз жолаушыларды тасымалдаумен айналысқанын анықтады.
Кәсіпкерлік қызметпен тіркеусіз және арнайы рұқсатсыз айналысқаны үшін құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Пікірлер