Бұл туралы ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, өткен жылы полицияға азаматтардан 204 мыңнан астам өтініш келіп түсті.
«Police-102», «EgovMobile», «Kaspi.kz» және «HalykBank» мобильді қосымшаларымен біріктірілген «Заң мен Тәртіп» сервисін дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Аталған платформалар арқылы 900-ге жуық өтініш түскен. Хабарламалардың басым бөлігі Kaspi.kz және Police-102 қосымшалары арқылы тіркелді.
Айта кетейік, бүгінде тәртіп сақшыларының оқиға орнына жетуінің орташа уақыты 5–7 минутты құрайды, бұл халықаралық стандарттарға толық сәйкес келеді.
Пікірлер