Бүгін сағат 10:00-де Ж.Үшкемпіров, Карбышев, Бульвар Гагарина, Микоян көшелері, Назарбаев даңғылындағы үйлерде жарық өшті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«БЭСК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, таңғы уақытта ПС-31 және ПС-39 (110/35/10 кВ) учаскелері арасында электр қуаты үзілген.
Оқиға орнына бригада жіберіліп, электр қуаты қысқа мерзім ішінде қайта қалпына келтірілді.
Пікірлер