A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 11:20 0

ШҚО-да жаңа кен орны ашылады

Бүгін / ШҚО

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Қазақстанның қай өңірінде жаңа кен орындары ашылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 

Министрлік мәліметінше, бұрын жүргізілген геологиялық зерттеулердің нәтижесіне сүйене отырып, Қазақстанның бірнеше өңірінде сирек металдардың жаңа кен орындарын табуға мүмкіндік бар екені анықталған.

Нақтырақ айтсақ:

Солтүстік Қазақстанда (Көкшетау орта массиві шегінде Көкшетау сирек металл провинциясы ауданында);

Батыс Қазақстанда (Мұғалжар сирек металл провинциясы ауданында, литий-фторлы типті граниттерде);

Шығыс Қазақстанда (Шыңғыстың оңтүстік-шығыс шетінде Шыңғыс-Тарбағатай сирек жер металлогендік аймағында).

Сондай-ақ осы аймақтардағы гранит пен пегматит жыныстарында сирек металдардың жаңа кен орындары болуы мүмкін екені белгілі болды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив