Жуықта үш жаңа трамвай вагонын сатып алу бойынша тендер аяқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мемлекеттік сатып алу порталындағы ақпаратқа сүйенсек, жаңа қоғамдық көліктерге ШҚО Мемлекеттік сатып алу басқармасы тапсырыс берді. Конкурсты Көкшетау қаласындағы «Агро Бизнес Қазақстан» ЖШС жеңіп алды. Жалпы сатып алу бағасы - 898 623 900 теңге.
Осылайша, облыс орталығында шамамен 160-180 жолаушыға арналған бір секциялы трамвайлар әкелінеді. Онда бірнеше автоматты есік, тұтқалары бар бөлек орындықтар, мобильді құрылғыларды қуаттауға арналған USB порттаы бар.
Ортаңғы есіктің маңында мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған жиналмалы пандус бар. Сондай-ақ мүгедектер арбасын қоюға арналған жер қарастырылған.
Жаңа трамвайлар -40-тан +40 градусқа дейінгі температурада жұмыс істейді. Кепілдік мерзімі - 24 ай немесе 150 000 шақырым.
Пікірлер