Оның 15-і тапшы мамандар саналады. Енді Тарбағатай аудандық ауруханасында жалпы практика дәрігері, анестезиолог-реаниматолог және стоматолог науқастарды қабылдайтын болады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Таяуда ғана аудандық аурухана мәртебесіне ие болған Тарбағатайдағы медициналық мекемеге жас мамандар келіп, жұмысқа кірісіп кетті.
- Бүгінде аурухана ұжымы жас дәрігерлермен толығып, халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетудің заманауи әдістерін енгізуде. Мамандар жетіспейтін алыстағы ауылға келген жастар үшін мемлекет пен облыс әкімшілігінің қолдап жатқаны қуантады. Олар әлеуметтік қолдауға ие болып, жәрдемақы мен баспана ала алады, - дейді аудандық аурухананың бас дәрігері Елжан Манарбеков.
Айта кетейік, қазір ауыл емханаларында психиатр, рентгенолог, неонатолог, жалпы практика дәрігері, педиатр, травматолог, онколог, стоматолог, кардиолог, хирург, анестезиолог және реаниматологтер жетіспейді.
Пікірлер