Облыс орталығындағы Дружба көшесінде орналасқан жер үй отқа оранды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндірушілер қызыл жалынды ауыздықтау кезінде ер адамның ес-түссіз жатқанын анықтады.
Оған ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері реанимациялық көмек көрсетіп, тыныс алуын қалпына келтірді.
2000 жылы туған ер адам дереу ауруханаға жеткізілді. Белгілі болғандай, ол түтіннен уланып қалған.
35 шаршы метр аумақтағы өрт толық сөндірілді.
Пікірлер