Бүгін ҚР Премьер-министрінің төрағалығымен инвестиция тарту мәселелері талқыға салынған жиналыс өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл бағытта Шығыс Қазақстанда тұрақты өсім көрсетіп келеді.
2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өңірге 1,6 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылған. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 34 пайызға артық.
Тікелей шетелдік инвестициялар көлемі бойынша Шығыс Қазақстан облысы елде 3-орында, алдыңғы орындарда тек Алматы қаласы мен Атырау облысы тұр.
Ұлттық инвестициялық пулда өңір бойынша 4 ірі жоба тіркелген, олардың 52 пайызы – шетелдік инвестициялар.
Қазіргі уақытта «Алтай Инвест» форумы аясында келісімдерге қол қойылған 322 млрд теңгенің 11 жобасы пысықталып жатыр.
Пікірлер