A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 09:40 0

Өскеменде түнде қыдырған жасөспірімдер ұсталды

Бүгін / Өскемен

ШҚО Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы мен Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы облыс орталығында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, балалардың қараусыз қалуын болдырмау мақсатында рейд өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шара барысында полиция қызметкерлері профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кәмелетке толмағандардың ықтимал жиналатын орындарын тексерді. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, балалардың қауіпсіздігіне және құқыққа қарсы әрекеттерге жол бермеуге назар аударылды.

- Рейд қорытындысы бойынша 26 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуының 18 фактісі (ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2, 3-бөліктері), кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуының 4 фактісі (ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 1-бөлігі), кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол берудің 3 фактісі (ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы), алкоголь өнімдерін өткізу саласындағы ҚР заңнамасының талаптарын бұзудың 1 фактісі (ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы) тіркелді, - делінген ШҚО Полиция департаментінің ақпаратында. 

Анықталған деректер бойынша кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне және ойын-сауық орындарының иелеріне қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды.

- Кәмелетке толмағандардың ата-аналарымен және заңды өкілдерімен балалардың бос уақытын бақылаудың маңызы, оларды тәрбиелеу мен күтіп-бағу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді, - деп жазылған ресми мәліметте. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив