Белгілі болғандай, өткен жылы өңірдегі мектепке дейінгі ұйымдарда 1 499 жаңа орын құрылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мәселен, төрт жекеменшік балабақша ашу есебінен 290 орын (Өскемен – 190, Зайсан ауданы – 100), жұмыс істеп тұрған тоғыз балабақшаны кеңейту арқылы 219 орын (Өскемен – 159, Глубокое – 10, Зайсан – 25, Тарбағатай – 10, Ұлан – 15), қолда бар профицит есебінен 990 орын ашылды.
Бұдан бөлек, 2024-2025 жылдары «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 3000 орындық 7 мектеп салынып, Зайсан мен Алтай ауданында жаңа білім ордалары қосымша пайдалануға берілді.
– Былтыр оффтейк-келісімшарттар бойынша 1,1 млрд теңгеге Күршім, Марқакөл аудандарында 100 орындық екі мектептің құрылысы аяқталды. 6,3 млрд теңгеге 600 орындық жеті білім ошағының құрылысы жалғасуда (Зайсан, Самар, Күршім, Марқакөл, Тарбағатай). Сондай-ақ Риддердегі «Казцинк» ЖШС-ның меншікті қаражаты есебінен 600 орындық мектеп құрылысы жалғасуда. Ғимарат осы жылдың 3 тоқсанында аяқталады деп жоспарлануда, – деді ШҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы Нұрсұлтан Маратов.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Пікірлер