A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 13:00 0

Қазақстан пойыздарында жолаушыларға арналған қандай сервистер бар

Бүгін / Республика

«Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға көрсетілетін қызметтің сапасы мен қолайлылығын арттыруға бағытталған цифрлық және сервистік шешімдерді жүйелі түрде дамытып келеді. Бүгін ұлттық тасымалдаушы жолаушылар күнделікті пайдаланатын ең сұранысқа ие ТОП-7 сервисті ұсынады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Пойыз қозғалысының онлайн-таблосы

Онлайн-табло арқылы жолаушылар пойыздардың қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылап отыра алады. Мұнда пойыздың кестесі, орналасқан жері, келу және жүру уақыты, сондай-ақ, мүмкін болатын кешугілер туралы ақпарат қолжетімді. Бұл сервис жолаушыларға сапарын тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.

Билет сатып алу сайты

Теміржол билеттерін онлайн сатып алуға арналған компанияның ресми сайты. Қызмет тәулік бойы, комиссиясыз жұмыс істейді. Жолаушылар бағытты, қызмет көрсету класын таңдап, билетті ыңғайлы тәсілмен төлеп, электронды жол жүру құжатын ала алады. Сайтты пайдалану кассаға бару қажеттілігін жойып, уақытты үнемдейді.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның ресми сайты

Temirzholy.kz ресми сайтында жолаушыларға қажетті барлық негізгі ақпарат бір жерге жинақталған. Мұнда теміржол тасымалы, сервистер, тарифтер мен сапар ережелері туралы өзекті мәліметтерді жедел алуға, сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» АҚ қызметімен толығырақ танысуға болады.

Бірыңғай байланыс орталығы — 1433

Бірыңғай тегін байланыс орталығы жолаушыларға теміржол тасымалына қатысты барлық сұрақтар бойынша кеңес береді. Орталық мамандары пойыз кестесін нақтылау, багажды тасымалдау ережелері, билеттерді қайтару тәртібі және өзге де қызмет көрсету мәселелері бойынша жедел жауап ұсынады.

Шағымдар мен ұсыныстарға арналған WhatsApp — +7 776 714 5686

Қызмет сапасын арттыру және жолаушылармен тікелей кері байланыс орнату мақсатында WhatsApp-чаты жұмыс істейді. Жолаушылар өз шағымын, ұсынысын немесе пікірін жолдай алады. Сонымен қатар пойыздарда QR-кодтар орналастырылған, оларды сканерлеу арқылы жолаушылар WhatsApp-чатқа тікелей өтіп, хабарлама қалдыра алады.

Бұл сервис өтініштерге жедел әрекет етуге және жолаушылар пікірін қызметті жетілдіру барысында ескеруге мүмкіндік береді.

Darmen — жол жағдайы мен ауа райын бақылау жүйесі

Darmen қосымшасы жол жағдайы мен метеорологиялық ахуалды бақылауға көмектеседі. Сервис сапарды жоспарлау кезінде ауа райы факторлары мен жол жағдайын ескеруге мүмкіндік беріп, сапардың қауіпсіздігі мен жайлылығын арттырады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив