A+ A A-

talgatzhan 31 Кеше, 16:00 0

Қазақстанда мешіттердің саны көбейді

Бүгін / Республика

Былтыр елде 20 мешіт пайдалануға берілген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 54% көп, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Мұндай жоғары көрсеткіш соңғы рет 2015 жылы тіркелген, ол кезде 24 нысан салынған.

2021–2025 жылдар аралығында елде жыл сайын орта есеппен 17,4 мешіт пайдалануға берілген. Ал оған дейінгі бесжылдықта бұл көрсеткіш 8,8 болатын.

2025 жылы салынған мешіттер саны мен жұмсалған қаражат көлемі бойынша Қызылорда облысы көш бастап тұр. Өңірде жалпы құны 9,7 млрд теңге болатын 11 мешіт салынған. Аймақ бұл көрсеткіш бойынша екінші жыл қатарынан бірінші орында тұр, ал 2021 жылға дейін мұнда мешіт құрылысы іс жүзінде жүргізілмеген.

2025 жылы Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл және Ақмола облыстарында да жаңа мешіттер пайдалануға берілген.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив