A+ A A-

talgatzhan 42 23-10-2024, 09:39 0

ШҚО-да 18 адам заңсыз балық аулаған

Бүгін / ШҚО

Өңірде 20 қазан мен 19 қараша аралығында «Браконьер» республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шара мақсаты - браконьерлік және биологиялық ресурстардың заңсыз айналымы фактілерін анықтау, жолын кесу, сондай-ақ экологиялық қылмыстарды ашу. Тәртіп сақшылары қоршаған ортаны қорғау жұмыстарын күшейтіп, балық пен жабайы жануарларды заңсыз аулау мен дайындауға байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтауға көңіл бөлуде.
Патрульдік полиция қызметкерлері атыс қаруын, оқ-дәрілерді, суық қаруды сақтауға немесе алып жүруге рұқсаттың болуын, аңшылық, балық аулау, ағаш кесу, ағаш дайындау құқығын тексереді.
Қазірдің өзінде 35 заң бұзушылық анықталды. 18 адам балық аулау ережесін бұзғаны үшін, 12-сі аңшылық ережесін бұзғаны үшін, тағы төрт адам ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені үшін жауапкершілікке тартылды. 
Осы тұста ШҚО полиция департаменті тұрғындардан Табиғатты қорғау заңнамасын сақтауды, құқықбұзушылық анықталған жағдайда "102" арнасына хабарлауды сұрайды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив