A+ A A-

talgatzhan 42 23-10-2024, 10:14 0

Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірде жүзден астам камера қойылды

Бүгін / ШҚО

Көлік министрлігінің мәліметінше, жаңа нысан ашылғаннан кейін бір күн ішінде бір жарым мыңнан астам көлік жүріп өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Қауіпсіздік мақсатында көпірде 102 камера орнатылған: оның 62-сі үстіңгі жағында, ал 40-ы көпір астындағы аумаққа қойылды. Бейнебақылау камералары нақты уақытта жұмыс істейді.
Сондай-ақ мұз қату уақытында көпір тіректерінің зақымданбауы үшін 40 мұз кескіш жұмыс істейді. Стратегиялық маңызы бар көпірдің екі жағында тәулік бойы қызмет ететін полиция бекеттері қойылған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив