A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 10:00 0

Қазақстан Моңғолияға тауарларды кедендік бажсыз импорттайды

Бүгін / Республика

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Еуразиялық экономикалық одақ пен Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімі ратификацияланды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

— Сіздердің қарауларыңызға «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Моңғолия арасындағы уақытша сауда келісімін ратификациялау туралы» заң жобасы ұсынылды. Келісім ЕЭАО елдері мен Моңғолия арасында 367 тауарларға қатысты импорттық кедендік баждарды жоюды көздейді. Келісім 3 жылға жасалады және тағы 3 жылға автоматты түрде ұзартылады, — деді Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы Жанель Кушукова.

Оның айтуынша, құжат техникалық, сонымен қатар санитарлық, фитосанитарлық шаралар, кедендік ынтымақтастық, ішкі нарықты қорғау шаралары сияқты басқа да сауда мәселелерін қамтиды.

— Бұл келісім Моңғолия нарығына тауарларды шығару үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Келісімді ратификациялау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды. Сондай-ақ республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын қажет етпейді, — деді ол.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив




Пайдалы


Руханият


Жұлдыз жорамал

{calendar}