9 ақпан сағат 11:00-де ШҚО Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасында "Мұқағали: мәңгілік жыр, өлмес сөз" атты кеш өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мұқағали Мақатаев – қазақтың көрнекті ақыны. Оның өлеңдері – адам жанының айнасы, халықтың рухани мұрасы және мәңгілік мәдени қазына. Іс-шара аясында ақынның бейнежазбалары, өлеңдеріне жазылған әндер, поэзиялық монологтар мен оқулар, ақынның шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылады.
Кіру тегін.
Пікірлер