A+ A A-

talgatzhan 46 23-10-2024, 11:05 0

Шығыс Қазақстанда жер заңнамасын бұзу фактілері анықталды

Бүгін / ШҚО

ШҚО Жер ресурстарын басқару департаментімен Жер ресурстарын басқару комитетінің тапсырмасы негізінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» АҚ ШҚО бойынша филиалына қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі, BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Нәтижесінде мемлекеттік жер кадастрын жүргізу саласында жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер беруге байланысты заң бұзушылықтар анықталды.

Атап айтқанда 1998 -2023 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласындағы 15 жер учаскелерінің кадастрлық нөмірлері олар орналасқан есептік кварталға сәйкес келмейтін болып шықты.

Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында Департаментпен тиісті нұсқама беріліп, заңбұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғаға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 342-1 - бабының 11 тармағына сәйкес әкімшілік іс қозғалды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив