Құсты -20 градус аязда қаланың сол жағалау бөлігінде байқаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тұрғынның айтуынша, оны терезеден алғаш болып қызы көрген. Ересектер әуелде сенбеген, алайда бірнеше күннен кейін шырша бұтақтары арасынан тотықұсты өздері де байқады.
- Оның үсіп қалмағанына таңдандық. Жақын маңда күнбағыс өңдейтін цех бар. Мүмкін құс сол жерде болған шығар. Қазір ол жылы жерде, - деді өскемендік Александр.
Пікірлер