Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің ашылуына байланысты Қызыл ту өткелі қызмет көрсетуін тоқтатты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
«Ертіс» паромының соңғы рейсі 21 қазан күні болса, «Күршім» паромы біраз уақыттан бері жұмыс істемейді. Ол көпір құрылысына тартылған еді.
60 жылдан бері қолданыста болған екі паром да қазіргі таңда күрделі жөндеуді қажет етеді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы өкілдері Васильев және Октябрь өткелдерінің жұмысын жандандыру туралы бастама білдірді. Бұл туралы Алтай, Самар, Үлкен Нарын аудандарының тұрғындары да сұраған еді.
Фотосурет: gov.kz
Пікірлер