4 ақпанда аудандық прокуратураның бастамасымен Алтай жоғары колледжінің студенттері үшін «Әділ сот тәжірибесі» атты көрсетілімдік сот процесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның мақсаты - «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру, заң мен сот алдындағы барша азаматтардың теңдігі туралы түсінік қалыптастыру.
Аталған іс-шара жастар арасында құқыққа қайшы мінез-құлықтың алдын алуға, заңға құрметпен қарауды қалыптастыруға және құқықтық мәдениет деңгейін арттыруға бағытталған.
Көрсетілімдік сот процесі барысында студенттерге нақты мысал арқылы сот ісін қарау тәртібі, соттың және сот процесіне қатысушылардың рөлі, құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығы түсіндірілді.
Алтай ауданының прокуратурасы өскелең ұрпақ арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты және кәмелетке толмағандардың өздері тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың жолын кесуге ерекше мән береді.
Пікірлер