Telegram мессенджеріндегі vko_urpaq_bot боты арқылы балалар құқықтарының бұзылуы туралы ақпаратты жинау мен жедел көмек көрсетуге мүмкіндік туды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталған жоба әртүрлі форматтағы хабарламаларды өңдей алады: фото, аудио, бейне, Word құжаты. Зорлық-зомбылық туралы деректермен қатар балалар қауіпсіздігіне қатысты кез келген ақпарат қабылданады. Мәселен, көше қозғалысы, ашық люктер, қаңғыбас иттер туралы жүгінуге болады.
Бот арқылы көмек алудың екі жолы бар: телефон нөмірін енгізу немесе анонимді түрде сауал жолдау.
Пікірлер