Конькиші Кристина Силаева қос қашықтықта өнер көрсететін болды, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Коньки спорты бойынша Олимпиада жарыстарын ұйымдастырушылар әйелдер арасындағы 1000 метрлік қашықтыққа қатысушылар санын көбейту туралы шешім қабылдады. Бұл Қазақстан құрамасына қосымша олимпиадалық лицензия алып келді. Қазақстан атынан өнер көрсететін конькиші Кристина Силаева бастапқыда тек 500 метр қашықтықта сынға түсуі тиіс еді.
- Қатысушылар квотасы 30 адамға дейін көбейгендіктен және 500 метрдегі квотамның арқасында мен 1000 метрге де қатысуға мүмкіндік алдым. Сондықтан алғашқы жарысым 9 ақпанға жоспарланған. Қолдауларыңызды күтемін, – деп жазды Кристина Силаева өз Telegram-каналында.
Бұл жаңалық Қазақстан спортшылары үшін маңызды. Команда құрамына қосымша лицензия алынуы еліміздің қысқы Олимпиададағы медальға деген мүмкіндігін арттырады.
Пікірлер