6 ақпан күні А.С.Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханада поэзия сүйер қауымның басын қосқан ерекше рухани шара өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ақиық ақынның мерейтойына арналған «Қазақ поэзиясының Хантәңірі» атты әдеби-музыкалық кеш көрерменді жыр әлеміне жетеледі.
- Кешке С.Аманжолов атындағы ШҚУ белсенді студенттерінен құралған «Оқырман» клубы мен өнерге бейжай қарамайтын жанашыр жандар жиналды. Ақынның жүрекке жеткен өлеңдері, сырлы әндер мен күмбірлі күйлер кештің көркін ашты, - делінген ақпаратта.
Поэзия мен музыка үндескен бұл кеш көпшіліктің көңілінде ұзақ сақталары сөзсіз.
Пікірлер