A+ A A-

talgatzhan 40 23-10-2024, 15:10 0

ШҚО-да кәсіпкерлерден мемлекеттік тексерулерге қатысты шағым көбеюі мүмкін

Бүгін / ШҚО

Биыл ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ШҚО бойынша департаменті тексеру тағайындау туралы 2,8 мыңға жуық актіні тіркеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл былтырғымен салыстырғанда 5 пайызға артық. Өткен жылы 2,7 мыңдай тексеріс жүргізілсе, оның 1,4 мыңға жуығы жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты еді. Ведомствоның аға прокуроры Азамат Қанапияновтың мәліметінше, мұндай өсім жоспардан тыс тексерістермен байланысты. Ол былтырғыдан 3 пайызға артқан.
Мемлекеттік орган тексеріс алдында оны ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі аумақтық органдарға тіркеуге міндетті. Азамат Қанапиянов баяндағандай, қадағалау қызметі аясында департамент мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары жоспарлаған 16 тексеруді тоқтатқан, оның 10-ы кәсіпкерлік нысандарға қатысты еді. 
- Лауазымды тұлғалар профилактикалық бақылау барысында кәсіпкерге оның нәтижелері туралы хаттаманы беруге міндетті. Егер әлдебір бұзушылықтар анықталса, оларды жою туралы ұсыным да толтырылуы керек, - деді ол. 
Жауапты тұлғаның айтуынша, профилактикалық бақылау мен тексеру уақыты аяқталған соң Бірыңғай тізілімге тіркеу және есепке алу субъектісі оның нәтижелері туралы талон толтыруы тиіс. Осы мағлұмат арқылы тексеру нәтижелері мен бұзушылықтарды жою туралы электронды акт автоматты түрде шығарылады. 
Тіркелген тексерулер тізімін Qamqor.gov.kz сайтында көруге болады. Мемлекеттік органдар аталған жүйеде өтініштерді де тіркеуге міндетті. Ал жоспарлы тексеруді белгілеу жайлы хабарлама бір ай бұрын жіберіледі. Тексеру бақылау парағына сай жүзеге асырылады.
- Мемлекеттің органның бұдан артық талап қоюға құқығы жоқ. Әйтпесе заң бұзушылық болып саналады. Егер кәсіпкерге тексеру болатыны туралы хабарлама түспесе, онда ол тіркеуден алынады, - деп қосты Азамат Қанапиянов.
Ал ШҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Әлия Мұқашеваның айтуынша, кәсіпкерлерден заңсыз тексерулер туралы арыз әзірге түспеді. Дегенмен ол шағымдардың болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Тіпті, оның саны да артуы мүмкін. 
- Біз кәсіпкерлер үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының өкілдері және өрт сөндірушілермен бірлесе отырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырамыз. Сондай-ақ әр ауданда прокуратураның мобильді тобы тәулік бойы қызмет атқарады. Кәсіпкерлер заңсыз әрекеттерге тап болса, оларға жүгіне алады, - дейді ол. 
Сондай-ақ мемлекеттік орган тағайындаған тексеру жұмыстарымен келіспейтін кәсіпкердің тез арада Кәсіпкерлер палатасы мен прокуратураға хабарласуға мүмкіндігі бар.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив