ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратынша, жыл басталғалы бері облыста 112 өрт оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Салдарынан 10 адам көз жұмды. Тағы 6 адам көмірқышқыл газынан уланып, оның 1-еуі қайтыс болды. Олардың көбі әлеуметтік осал топқа жататын, асоциалды өмір салтын ұстанған азаматтар.
ШҚО ТЖД қызметкерлері 8600 жер үйді аралап, рейд жүргізді. Әрбір үшінші үйде электр желілері пен пешті пайдалану кезінде түрлі бұзушылықтар анықталды.
ШҚО ТЖД өкілдері әлеуметтік осал топқа жататын отбасылардың үйлеріндегі пешті жөндеуге көмектесіп, көмірқышқыл газы датчиктерін орнатады.
Осы ретте мамандар бірнеше қауіпсіздік ережесін еске салады:
Ақау бар розеткаларды, қолдан жасалған электр құрылғыларын пайдаланбау;
Тұрмыстық техникаларды қараусыз қалдырмау;
Пешпен жылытылатын үйлерге көмірқышқыл газы датчиктерін орнату;
Төтенше жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласу керек.
Пікірлер