A+ A A-

talgatzhan 0 Кеше, 16:30 0

Сенат депутаттары Өскемендегі әскери бөлімге барды

Бүгін / Өскемен

Шәкәрім Бұқтұғұтов пен Ольга Булавкина шаһардағы Қасым Қайсенов атындағы 27943 әскери бөліміне арнайы барып, бөлімнің қызметімен танысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Меймандар шара барысында 15 наурыз күні өтетін Референдумның маңызына да тоқталды. Жалпы, депутаттар алдымен казарма үй-жайларын аралап, сарбаздардың жағдайымен танысты. Әскери бөлімдегі тәртіп, тазалық пен қауіпсіздік талаптарының сақталуына да мән берді.

Сонымен қатар сенаторлар спорт кешенін аралап, әскери қызметшілердің дене дайындығына арналған мүмкіндіктермен танысты. Бұдан бөлек, оқу-жаттығу кешенінде болып, сарбаздардың жауынгерлік және тактикалық дайындық барысын көрді. Оқу сабақтарының ұйымдастырылуы, заманауи құрал-жабдықтардың қолданылуы және жеке құрамның кәсіби машығы депутаттар тарапынан жоғары бағаланды.

Кездесу аясында депутаттар жеке құраммен жүздесіп, алдағы референдумға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

– Бұл жұмыс сапары барысында Шәкәрім Бұқтұғұтов пен Ольга Булавкина әскери қызметшілер жағдайымен танысып, оқу-жаттығу барысын көрді. Біз де өз дайындық деңгейімізді көрсетуге мүмкіндік алдық. Референдумға қатысты түсіндіру жұмыстары да өте мазмұнды өтті. Ел болашағына қатысты маңызды мәселелер жөнінде ақпарат алдық. Мұндай кездесулер әскери қызметшілердің азаматтық ұстанымын нығайтып, жауапкершілігін арттыруға сеп, – деді 27943 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Нұрлан Кисенов.

Жиын соңында депутаттар әскери қызметшілерге ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жауапты қызметтеріне табыс тілеп, ризашылықтарын білдірді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив